Илон Маск Марсты игерудің алғашқы кезінде көптеген адамдар өлетінін айтты

0
843

Маск 2026 жылға дейін адамдарды Марсқа жеткізуге үміттенетінін айтты.


Илон Маск Марсты игерудің алғашқы кезінде көптеген адамдар өлетінін айтты

ERNUR.KZ. SpaceX компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск "X сыйлық қорының" негізін қалаушы Питер Диамандиске сұхбат берді, деп жазады Qamshy.kz.

Сұхбатта Маск 2026 жылға дейін адамдарды Марсқа жеткізуге үміттенетінін айтты. Ал, NASA ғарышкерлерді Қызыл ғаламшарға Масктан жеті жыл кейін, 2033 жылы жібермек.

Жалаңаяқ отырып, сұхбат берген Маск "Марсқа бару Шаклтонның Антарктидаға баратын жарнамасы сияқты. Сіздер бұл миссияның қауіпті екенін білесіздер, бұл қиын және ұзақ сапар. Сіз тірі оралмауыңыз да ықтимал, бірақ бұл керемет және таңғажайып оқиға болады. Ия, шындығын айтсақ, бастапқы кезде адамдар өлуі мүмкін. Өте қиын миссия" деді.

NASA Артемида бағдарламасының аясында алғашқы ғарышкерлерді Марсқа 2033 жылға қарай жібермек және 2024 жылы Айға ғарышкерлер жіберуді жоспарлап отыр. Олардың арасында алғашқы әйел ғарышкердің Айға аяқ басатыны хабарланды.

Ал, Маск 2026 жылға дейін адамдарды Қызыл ғаламшарға қондыру мақсатына жетемін деп үміттененеді. Ол техникалық кедергілер проблемасын шешуге уақыт жеткілікті екенін айтты.

Масктың айтуынша, Марсқа жұлдызкеме арқылы сапар шегу үшін 2026 жылға дейін бірқатар технологиялық жетістіктер қажет.

Қажетті технологиялық жетістікке қайта пайдалануға болатын жұлдызкемені жасау және орбитада жанар май құю проблемалары кіреді. Орбитада жеткілікті жанармай толтырылған соң, жұлдызкеме Марсқа дейінгі алты айлық сапарға жіберілмек.

Бірқатар сәтті сынақ рейстерінен кейін Маск 2024 жылы Марсқа экипажсыз жұлдызкеме жіберуді жоспарлап отыр және 2 жылдан кейін ғарышкерлерді жібермек.


"Жердің төрт жарым миллиард жылдық тарихында алғаш рет тіршілікті Жершардан тыс (аумаққа) кеңейту және тіршілікті көп ғаламшарлы ету мүмкін болмақ.

"Адамзат тіршіліктің өкілі саналады. Біз Жерде апат болған күннің өзінде, ол техногендік немесе табиғи апат болса да, Жердегі жаратылыстардың жалғасуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Егер сіз қазба қалдықтарға назар аударсаңыз, Жершарда көптеген жаппай жойылу болған" дейді Маск.


"Бірінші қайсысы болуы мүмкін? Марстағы өзін-өзі қамтамасыз ететін қала немесе Үшінші дүниежүзілік соғыс?" деген ол Қызыл ғаламшарда тезірек тәуелсіз қала салудың маңызы жоғары екенін жеткізді.

Ол жанармай зауыты, күн энергиясы, тамақ өндірісі, темір рудасын өңдеу зауыты Марстағы қаланы өзін-өзі қамтамасыз етуге қажет "өнеркәсіптің негізі" екеін айтты.

Айта кетейік, осы айдың басында NASA ғарышкерлерді Айға апаратын ғарыш аппаратын жасау үшін Илон Масктың SpaceX компаниясын таңдады.