Индонезияда су тасқынының салдарынан 59 адам көз жұмды. Бұған дейін 26 тұрғын қаза тауып, 24-і із-түзсіз жоғалған.
ERNUR.KZ.Индонезияның Оңтүстік Сулавеси өңірінде су тасқыны мен лай көшкініне жүрді, деп жазады 24.kz.
Салдарынан 59 адам көз жұмды. Бұған дейін 26 тұрғын қаза тауып, 24-і із-түзсіз жоғалғаны хабарланған болатын. Аман қалған халықты эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кеткен жөн, толассыз жауған нөсер салдарынан өзен тасып, дамбы жарылған еді. Салдарынан лай көшкіні мен су тасқыны 6 мыңға жуық тұрғынның үйіне зақым келтірген. Тағы 9 көпір қирап қалған.