Матчтан кейін тәртіпсіздіктер басталып, көрермендер далаға шығуға ұмтылған.
ERNUR.KZ. Футбол матчынан кейінгі қайғылы оқиға 2 қазанға қараған түні Маланг қаласындағы “Канжурухан” стадионында орын алды, деп жазады inbusiness.kz.
1 қазан Индонезия чемпионатының матчында "Арема" мен "Парсебая" командалары кездесті.
3:2 есебімен ойын қорытындысы екінші команданың пайдасына шешілді.
Матчтан кейін тәртіпсіздіктер басталып, көрермендер далаға шығуға ұмтылған. Алайда адамдар легі бірін-бірі басып қалған.
Салдарынан 127 адам қайтыс болды. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.