Исландияда төтенше жағдай жарияланды: полицейлер тұрғындарды қатты жер сілкінісінен кейін елдің оңтүстік-батысындағы жанартаудың атқылау ықтималдылығына байланысты теңіз жағалауындағы Гриндавик қаласынан кетуге шақырды, деп жазады Zakon.kz.
Исландия метеорологиялық басқармасының мәліметі бойынша, жұма күні түн ортасынан сенбіде сағат 14:00-ге дейін 800-ге жуық жер тербелісі тіркелді, жер сілкінісі ошағының ең таязы 3-3, 5 шақырым тереңдікте болды.
Бүкіл әлем бойынша жер сілкіністерін тіркейтін Volcanodiscovery сайтында соңғы бір сағат ішінде Исландия аумағында 40-қа жуық жер сілкінісі болғаны хабарланған.
"Жер сілкінісі бұрынғысынан да күш алуы мүмкін және оның қайта-қайта қайталануы жанартаудың атқылауына әкеліп соғуы мүмкін. Алайда магманың жер бетіне жақындауының белгілері әлі байқалған жоқ. Бұл жағы мұқият бақылауда", - деп хабарлады азаматтық қорғау агенттігі.