Испания төрт күндік жұмыс аптасына ауысады

0
2 678

Демалыс күндерін үш күнге дейін ұзарту туралы ұсыныс 2019 жылы түскен.


Испания төрт күндік жұмыс аптасына ауысады

ERNUR.KZ. Испания - төрт күндік жұмыс аптасы енгізілген алғашқы ел атанды. Төрт күндік жұмыс аптасына кез келген компания өте алады, деп жазады Тengrinews.kz.

Демалыс күндерін үш күнге дейін ұзарту туралы ұсыныс 2019 жылы кәсіподақтар Конгресінің зерттеу нәтижелерінен кейін, егер қызметкерлер аптасына бес күн емес, төрт күн жұмыс істесе, нәтижелі болатынын көрсеткеннен кейін түскен болатын.

Айта кетейік, жұмыс күндерінің қысқаруы қызметкерлерді жалақысына әсер етпейді. Олар аптасына 40 сағат жұмыс істейді. Яғни жұмыс уақыты 8 сағат емес, 10 сағат болады.

Жұмыс күнін қысқарту мәселесіне Жаңа Зеландия да қызығушылық білдірген.