Испанияда коронавирус тұмау сияқты ауру болып есептеледі

0
670

​Испанияда бүгіннен бастап коронавирустық инфекция тұмау сияқты әдеттегі эндемикалық аурумен теңестіріледі.


Испанияда коронавирус тұмау сияқты ауру болып есептеледі

ERNUR.KZ. СOVID-19 инфекциясын жұқтырған және белгілері бар адамдар қалыпты өмір салтын жалғастыра алады және үйде оқшаулау режимін сақтау ол үшін міндетті болмайды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұрынғы талаптар тек қауіп-қатер тобындағы адамдарға – 60 жастан асқан, иммунитеті әлсіреген адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен медицина қызметкерлеріне қатысты болады.

Мұндай жаңалықтарға қарамастан, елде жабық қоғамдық орындарда, сондай-ақ қоғамдық көліктерде – автобустарда, пойыздарда, ұшақтарда медициналық маскалар кию міндетті болып қала береді.

Ал мейрамханаларда бір үстелдегі қонақтар санына шектеулер болады. Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Өткен жұмада Sars-CoV-2 таралуының жеті күндік көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда ел бойынша орта есеппен 227 жаңа жағдай тіркелгенін көрсетті.