Италияда карантин мерзімі ұзартылды

0
735

Елде коронавируске байланысты карантин режимін 10 наурызда енгізген еді.


Италияда карантин мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Италия үкіметі елдегі карантин режимін 13 сәуірге дейін ұзартты, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца хабарлады.

Министрдің мәлімдеуінше, бұл қадам дәрігерлердің осы кезге дейін жасаған еңбегі бекер болмауы үшін жасалып отыр. Себебі Италия билігі кесірлі дерттің ошағы әбден әлісреп жойылғанға дейін карантинді алып тастауға қорқа соғады.

Еске сала кетсек, Италия коронавируске байланысты карантин режимін 10 наурызда енгізген еді.