Израиль үкіметі ел тарихында бұрын-соңды болмаған қадамға барды

0
652

Бұл мақсатқа шамамен 22 миллиард доллар бөлінген.


Израиль үкіметі ел тарихында бұрын-соңды болмаған қадамға барды

ERNUR.KZ. Ел билігі Бней-Брак қаласын түгел жаппақшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені бұл шаһардың тұрғындары карантин ережелерін сақтаудан бас тартқан. Қалада жүргізілген тест нәтижесіне қарағанда, әрбір үшінші тұрғын вирусты жұқтырған. Ал эпидемиологтардың пікірінше, негізі қала халқының жартысы қауіпті індеттің құрығына іліккен.

- Біз індеттің таралуына жол бермес үшін Бней-Брак қаласы мен өзге де аудандарға адамдардың қатынауына шектеу қоюды шештік. Өзге аудандар деп мен Тель-Авивтің оңтүстігінде заңсыз мигрант көп тұратын кейбір аумақтарды атадым, - дейді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Осы бұйрықты беру үшін карантиннен шыққан премьер-министр қайтадан екі аптаға оқшауланатын болды. Өйткені елдің денсаулық сақтау министрі коронавируспен ауырғаны анықталды. Үкімет экономикаға көмек беру бағдарламасын бекітті. Бұл мақсатқа шамамен 22 миллиард доллар бөлінді. Ақшалай жәрдем шағын кәсіпорындар мен ірі концерндерге бөлінеді. Өтемақы мөлшері артып, кәсіпорындар сәуірдің соңына дейін салық төлеуден босатылды. Ал, елдің сыртқы барлау қызметі ерекше тапсырма орындауға кірісті. Моссад агенттері күллі әлем бойынша өкпені жасанды желдету аппараттарын іздеп, оны сатып алуға атсалысады. Израильдің әскери өнеркәсібі де осы апарат пен аурудан қорғану құралдарын шығаруға көшті.