Калифорнияда күшті жер сілкінісі болды

0
191

Жер сілкінісінен кейін магнитудасы 2,5-тен 3,5-ке дейін болатын сегізге жуық афтер сілкініс тіркелді.


Калифорнияда күшті жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Калифорния штатында Сан-Диего қаласына жақын жерде 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді , деп жазады baq.kz.

АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, сейсмологтар бастапқыда 6 магнитуданы жариялағанымен, кейін деректерді қайта қарап, төмендетті.

Жерасты дүмпулері 17:08-де (Астана уақыты бойынша 22:08), Сан-Диегодан 59 шақырым жерде және Палм-Спрингс қаласынан 87 шақырым жерде болды. Сейсмикалық оқиға ошағы 13,4 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сонымен қатар, жер сілкінісінен кейін магнитудасы 2,5-тен 3,5-ке дейін болатын сегізге жуық афтер сілкініс тіркелді.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.