Штатта кеселдің өршуіне байланысты жаңа шектеу шаралары енгізілді.
ERNUR.KZ. Шаһар губернаторы Гевин Ньюсом шаштаразшыларға ашық аспан астында жұмыс істеуге талап қойды, деп хабарлайды Хабар24.
Штатта кеселдің өршуіне байланысты жаңа шектеу шаралары енгізілді. Яғни, жеке гигиенаға мән бермеген кәсіптердің есігі қайта жабылады. Ал, жұмыс істеу үшін мүмкін болса иелері жұмысшыларын ашық аспан астына ауыстыру керек. Онсыз да коронавирустан шығынға батқан шаштараздар бірден қызметін көшеде көрсетуге кірісті. Ең қызығы, бұл бастама тұрғындардың көңілінен шығып жатыр.
Айта кетейік, Калифорния штатында коронавирусты жұқтырған саны 410 мыңға жетті, 7881 науқас кеселдің құрбан болды.