Қалыңдық күйеу жігітінен КВИ-ге тест тапсыруды талап етті

0
739

Парсы шығанағындағы мұсылман елдерінде неке құрғысы келетін ерлі-зайыптыларға медициналық тексерулер жүргізу ғұрпы кең тараған.


Қалыңдық күйеу жігітінен КВИ-ге тест тапсыруды талап етті

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясындағы қалыңдық үйлену күнінде болашақ күйеуінен ауру жұқтырудан қорқып, коронавирусқа арналған тест нәтижесін көрсетуді талап етті, деп жазады kaz.nur.kz.

Басылымның мәліметі бойынша қалыңдықтың туыстарының бірі коронавирус жұқтырғаннан кейін асқынудан қайтыс болғаннан кейін ару ауру жұқтырудан қорқып, отбасынан бұл бұйымтайы жайлы болашақ жарына айтуды сұрапты. Ақырында күйеу жігіт оның талаптарын орындаған-орындамағаны туралы басылым ақпарат бермеді, бірақ үйлену тойы өтті.

Парсы шығанағындағы мұсылман елдерінде неке құрғысы келетін ерлі-зайыптыларға медициналық тексерулер жүргізу ғұрпы кең тараған.

Сауд Арабиясындағы кейбір дәрігерлер коронавирус тестті аталған тексеруге қосуды дұрыс деп санайды, өйткені оны ақысыз жүргізуге болады және бұл тестті жеткізу көп уақыт пен күш талап етпейді. Соңғы екі айда патшалықта тәулігіне 1,5-2 мың адамға жуық коронавирус жұқтыру оқиғаларының тұрақты өсуі байқалуда.

Сауд Арабиясында пандемия басталғалы бері 308,5 мыңнан астам дерек анықталып, 282 888 адам емделіп шықты, сондай-ақ, қайтыс болғандар саны 4 мыңға жетті.