​Канадада перзентхананың 14 медбикесі бір уақытта жүкті болып қалған

0
1 713

медбикелердің барлығы ЛаСалле ауруханасының перзентхана бөлімінде жұмыс істейді.


​Канадада перзентхананың 14 медбикесі бір уақытта жүкті болып қалған

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Канаданың Монреаль қаласындағы ауруханалардың бірінде 14 медбике бір уақытта жүкті болып қалды, деп жазады Stan.kz.


Жүкті болған медбикелердің барлығы ЛаСалле ауруханасының перзентхана бөлімінде жұмыс істейді. Қызметкерлердің бірінің айтуынша, бұл ауруханадағы “дәстүрдің” бір түрі екен. Бұған дейін де бірнеше медбике бір мезгілде жүкті болған оқиғалар кездескен.


Медбикелердің жүктілік кезеңдері әртүрлі, сондықтан олар әртүрлі уақытта босанады. Олардың көпшілігі жұмысты соңына дейін жалғастырып, босануға екі апта қалғанда ғана демалысқа шығуды жоспарлап отыр.

Фото: cbc.ca

Осыған қарамастан, аурухана басышылығы жұмыс күшінің тапшылығына алаңдайды және кетіп бара жатқан қызметкерлердің орнына кадрларды белсенді түрде іздеуде. Перзентхана меңгерушісі қол астындағыларды тоқтатып, жиі жүкті болмауға шақырған.