Коронавирус жойылған жоқ - ДДСҰ

0
454

Сонымен бірге, ДДСҰ өкілі бүгінде елдер індеттің басындағы жағдайға қарағанда әлдеқайда жақсы қалыпта екенін атап өтті.


Коронавирус жойылған жоқ - ДДСҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Скендер Сила COVID-19 әлі жойылмағанын айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Пандемия кезінде қабылдаған шаралары үшін Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Бірақ бұл вирус біздің өмірімізден біржола жойылған жоқ, ол бар. Біз пандемиядан сабақ алып, тиісті шара қабылдап, денсаулықтың басқа да төтенше жағдайларына дайын болуымыз керек. ДДСҰ жағдайды бақылап, не болып жатқанын қадағалап отырады. Ал қажет болған жағдайда ұсыныстар мен белгілі бір шараларды ұсынады", - деді Скендер Сила.

Сонымен бірге, ДДСҰ өкілі бүгінде елдер індеттің басындағы жағдайға қарағанда әлдеқайда жақсы қалыпта екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір вакциналар әзірленген, ауруды диагностикалау әдістері мен емдеудің тиімді әдістері де бар.

"Біз пандемияның өршуіне дайынбыз. Бірақ соған қарамастан, біз басқа індеттердің алдын алу шараларын қабылдауды жалғастыруымыз керек. Қазіргі уақытта біз Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігімен жаһандық пандемияға дайындық бойынша ұсыныс дайындап жатырмыз. Қазақстанға бұдан да жақсырақ дайындалу қажет", - деп түйіндеді сөзін Скендер Сила.