Коронавирусқа қарсы антиденелері бар бала дүниеге келді

0
738

Әйелге жүктілігінің оныншы аптасында COVID-19 диагнозы қойылған.


Коронавирусқа қарсы антиденелері бар бала дүниеге келді

ERNUR.KZ. Сингапурлық әйел дүниеге ұл бала әкелген. Дәрігерлер баланың бойында COVID-19-ға қарсы антиденелер бар екенін анықтаған. Бұл туралы жергілікті The Straits Times газеті жазады, деп жазады Stan.kz.

Басылымның хабарлауынша, 31 жастағы Селин Нг-Чан жүктілік кезінде коронавирусты жұқтырған сингапурлық әйелдердің бірі. Оныншы аптада оған COVID-19 диагнозы қойылды. Кейінірек 7 қарашада Нг-Чанның Алдрин атты ұлы дүниеге келді. Балада вирусқа қарсы антиденелер бар екендігі анықталды.

Анасының айтуы бойынша, педиатр дәрігер оған өзінің бойынан SARS-CoV-2 вирусына қарсы антиденелердің жоғалғанын айтты. Дәрігерлер антиденелер анасынан жаңа туған нәрестеге берілген деп болжайды. Дәрігерлер Алдриннің коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеті бар деп санайды.

Газеттің хабарлауынша, Нг-Чанның ұлы - жүкті ананың ауруынан кейін антиденемен дүниеге келген алғашқы ресми тіркелген бала.