Коронавирустың «британдық штамы» 41 елде анықталды

0
2 193

Бұл штамның ерекшелігі оның жұғу ықтималдығының жоғарылығында, дегенмен ауру ағымы өзгермейді.


Коронавирустың «британдық штамы» 41 елде анықталды

ERNUR.KZ. SARS-CoV-2 коронавирусының «британдық» штамы қазірдің өзінде 41 елде табылды, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апта сайынғы ақпараттық эпидемиологиялық бюллетенінде айтылды.

Есте салсақ, коронавирустың жаңа штамы алғаш рет Ұлыбританияда шықты. Оған VOC-202 012/01 деген атау берілді. Қазіргі уақытта бұл штамның ерекшелігі оның жұғу ықтималдығының жоғарылығында, дегенмен ауру ағымы өзгермейді.

ДДСҰ айтуынша, 5 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустың бұл түрі Ұлыбританиядан өзге 40 елде тіркелген.

Сонымен қатар ДДСҰ тағы бір коронавирус штамы туралы хабарлады – 501Y.V2. Ол алғаш рет Оңтүстік Африкада табылған. Бұл штамм қазір жеті елде тіркелді.