Күн сәулесінің коронавирустың белсенділігіне ықпал етуі мүмкін.
ERNUR.KZ. Ресейдің гидромет орталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфан коронавирустың тарауына деген ауа райының әсері жайлы сөз қозғады, деп жазады Stan.kz.
Сарапшы инфекцияның таралуы климатқа байланысты емес екендігін алға тартыпты. Айтуынша, оның сөзіне жылы аймақтарда орналасқан мемлекеттердегі азаматтардың коронавирусқа шалдығуы дәлел бола алады.
"Мысалы Таиландта ауа райы шамамен +30 градус, алайда бұл елде коронавирус та, оған қарсы сақтық шаралары да бар. Таяу Шығыста да осыған ұқсас жағдай: Түркия, Израиль мен Сирияда +25 жылы, бірақ ол жағдай инфекцияның жаппай таралуына бөгет болмады", - дейді Роман Вильфан.
Десек те метереолог күн сәулесінің коронавирустың белсенділігіне ықпал етуі мүмкін дейді. Алайда бұлай кесіп айту үшін көрнекі дәлелдер қажет көрінеді.