Қырғызстан астанасында алғаш рет жаңа мемлекеттік ту көтерілді

0
704

Заң жобасы өткен жылдың 26 желтоқсанында ресми түрде күшіне енген болатын.


Қырғызстан астанасында алғаш рет жаңа мемлекеттік ту көтерілді

ERNUR.KZ. Қырғызстан астанасында алғаш рет жаңа мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Бұл туралы ел үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Үкімет әзірлеген және парламент мақұлдаған Қырғызстанның мемлекеттік туындағы күн сәулесі енді толқынды емес, түзу сызық түрінде бейнеленген. Тудың дизайнын ішінара өзгерту туралы заң жобасы өткен жылдың 26 желтоқсанында ресми түрде күшіне енді.

Қырғызстанның мемлекеттік туы бейнеленген ресми құжаттардың барлық түрі олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, ал көлік құралдарының ту бейнеленген мемлекеттік нөмірі мен көлік құралын тіркеу куәліктері тиісті орган арнайы шешім қабылдағанға дейін жарамды болады.

Айта кетсек, желтоқсанның ортасында ел президенті Садыр Жапаров тудың дизайнын өзгертуді өзі ұсынғанын айтқан еді.

Жаңа нұсқа бойынша республика туындағы өрнек киіз үй түндігінен толқынданып емес, тура түсіп тұратын күн сәулелерін бейнелейді.