Ұшқышсыз ұшатын ұшаққа SAARA-02 атауы берілген.
ERNUR.KZ. Қырғызстанда алғаш рет толығымен отандық өндірістің әскери дрондары жиналды. Дронның алғашқы көрсетілімі Twitter-де жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.
Ұшқышсыз ұшатын ұшаққа SAARA-02 атауы берілген. Әскери дрон толығымен қырғыз инженерлерінің құрастыруымен жасалынған делінген хабарламада.
"Біздің мамандар бұл құрылғыны жасау үшін екі жыл бойы тынымсыз жұмыс істеді, дрон жақында Баткенде сынақтан сәтті өтті. Ұшқышсыз ұшу аппараты барлау ғана емес, сонымен қатар тактикалық және жауынгерлік функцияларды да орындайды. Мұндай аппараттардың болуы еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтып, шекараны қорғауды күшейтуге тиіс", - делінген хабарламада.
Алайда Қырғызстанның Қорғаныс министрлігі ақпаратты растау немесе жоққа шығару үшін түсініктемелер әлі берген жоқ.