Қарды тазалауға ТЖМ Жалал-Абад облысы, Тогуз-Тороу ауданына қарасты басқармасы №46 ӨСБ-нің 4 қызметкері мен ІІМ 2 қызметкері, сондай-ақ «China Road» компаниясының 1 жүк тиегіш көлігі жұмылдырылды.
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Жалал-Абад облысында қар көшкіні салдарынан туннельдегі 10 көлік қар құрсауында қалды, деп жазады inform.kz.
Қырғыз Республикасы ТЖМ мәліметінше, Жалал-Абад облысы, Тогуз-Тороу ауданындағы Балықчы – Казарман – Жалал-Абад баламалы тас жолының 346-348 шақырымында қар көшкіні жүріп, он көлікті қар басты.
Қарды тазалауға ТЖМ Жалал-Абад облысы, Тогуз-Тороу ауданына қарасты басқармасы №46 ӨСБ-нің 4 қызметкері мен ІІМ 2 қызметкері, сондай-ақ «China Road» компаниясының 1 жүк тиегіш көлігі жұмылдырылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстанда қар көшкіні басып қалған алты адамның мәйіті табылған болатын.
Сондай-ақ тамыз айында Қырғызстан тауларында қар көшкіні альпинистер тобын басып қалды. Олардың арасында алматылық қазақстандықтар мен Мәскеу тұрғыны болды.