Қырғызстандық "Манас" жырын 14 сағат тоқтамай оқып, рекорд орнатты

0
628

Ол эпосты 12 қараша күні, жергілікті уақытпен сағат 09:43-те оқып бастаған.


Қырғызстандық

ERNUR.KZ. Бүгін Бішкектегі «Ала-Тоо» алаңында «Манас» эпосын оқу ұзақтығынан рекорд орнатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жыршы Доолот Сыдықов 14 сағат, 27 минут бойы «Манас» эпосын тоқтаусыз оқыған. Ол эпосты 12 қараша күні, жергілікті уақытпен сағат 09:43-те оқып бастап, 13 қараша күні түнгі сағат 00:17-де аяқтады.

Айта кетейік, Гиннестің рекордтар кітабына кіру өтінімі 12-сағаттық тоқтаусыз оқуға берілген еді.

Қырғыздың «Манас» эпосы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мұрасының жауһарлары тізіміне енгізілген. Бұл шешім ЮНЕСКО үкіметаралық комитетінің сегізінші отырысының барысында қабылданған. Ол Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзақ эпос ретінде кіріп отыр.