Қытай АҚШ-қа барлық сауда келісімінен шығамыз деп сес көрсетті

0
1 336

Өткен жексенбіде Бейжіңде АҚШ сауда министрі Уилбур Росс пен ҚХР мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ арасындағы кездесу нәтижесіз аяқталғаннан кейін, Қытай осындай мәлімдеме жасады.


Қытай АҚШ-қа барлық сауда келісімінен шығамыз деп сес көрсетті

Қытай егер Вашингтон Бейжіңге қатысты жаңа салық пен өзге шаралар енгізетін болса, Құрама Штаттармен жасалған барлық ынтымақтастық және сауда келісімінен шығамыз деп сес көрсетті. Бұл жөнінде centralasian.org Reuters-ке сілтеме жасап хабарлады.

Өткен жексенбіде Бейжіңде АҚШ сауда министрі Уилбур Росс пен ҚХР мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ арасындағы кездесу нәтижесіз аяқталғаннан кейін, Қытай осындай мәлімдеме жасады.

Бірақ Қытай сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Хуа Чунинг "қытай есігі АҚШ-пен диалог үшін әрдайым ашық" деп атап өтті.

Reuters Қытайдың мемлекеттік China Daily газетіне сілтеме жасайды. Қытай басылымы "Трамп АҚШ-пен Қытай арасындағы экономикалық байланыстан өзара қарым-қатынас пен әділдік іздейді. Бірақ ол әлі күнге дейін АҚШ-тың экономикалық мүмкіндігін пайдаланып, Қытаймен қарым-қатынаста тек пайда іздейді" деп жазған.

Қытайдың өзге Global Times мемлекеттік басылымы да "келіссөздер тек Қытайдың мүддесіне жығыла алмайды" деп атап өткен.

Дональд Трамп Құрама Штаттар мен Қытай арасындағы қазіргі сауда байланысы АҚШ үшін тиімсіз деп бірнеше мәрте айтып келеді.

Бейжіңмен келіспеушілік тұсында АҚШ президенті Еуропалық одақ, Канада және Мексикадан шығатын құрыш және алюминийге қосымша салық енгізді. АҚШ-тың одақтастары болып саналатын аталған мемлекеттер жауап ретінде америкалық тауарларға қосымша тариф енгізетіндерін мәлімдеді.