Қытай Қырғызстан министрлеріне 13 млрд теңге қайтарымсыз қаражат берді

0
245

Қырғызстан министрі Бейжіңге барып, ақшалы қайтты.


Қытай Қырғызстан министрлеріне 13 млрд теңге қайтарымсыз қаражат берді

ERNUR.KZ. Қырғызстан министрлер Кабинеті мен ҚХР Үкіметі арасында өтеусіз көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды. Қытай үкіметі Қырғызстанға болашақ жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 200 миллион юань (2,3 миллиард сомнан астам) қайтарымсыз қаражат берген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

19 қыркүйекте Бейжіңде Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Бақыт Торобаев Қытайдың халықаралық ынтымақтастық және даму мемлекеттік агенттігінің директоры Ло Чжаохуэймен кездескен.

«Тараптар Қытай Халық Республикасы Үкіметінің гранттық көмегі шеңберінде басым жобалар тізбесіне енгізілген Қырғызстан мен Қытай арасындағы жобалардың қазіргі жай-күйін, екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады», - деп жазды басылым.