Қытай полицейлері Белград көшелерін неге күзетіп жүр

0
980

Бүгінде қытайлық компаниялар жергілікті инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырып келеді. Және оны жүзеге асыру үшін қытайлық жұмысшылар тартылады екен.


Қытай полицейлері Белград көшелерін неге күзетіп жүр

ERNUR.KZ. Жуырда Белград орталығында өзге елдің полицей формасын киген адамдар пайда болды. Олар – Қытайдан арнайы келген тәртіп сақшылары, деп жазады 24.kz.

Аталған полиция қызметкерлері енді сербиялық әріптестерімен бірге жаяу жүргіншілерге арналған бас көшені күзетеді. Сонымен қатар орталық саябақ, әуежай мен сауда орталықтарын бақылайды екен. Қытай полицейлеріне деген қажеттілік аталмыш елден келетін туристер легінің артуынан туындапты.

"Қытайдан келген полицейлердің өкілеттігі шектеулі. Олар туристермен арадағы байланысты қамтамасыз етуге көмектеседі. Себебі қытайлық тәртіп сақшыларының арқасында саяхаттаушылармен тілдесу жеңілдей түседі" - дейді Сербия елінің полицейі Зоран Йованович.

Қытай полицейлерінің Сербияға келуінің тағы бір себебі – Балқан түбегі елдерінің «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасына қосылуында. Бүгінде қытайлық компаниялар жергілікті инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырып келеді. Және оны жүзеге асыру үшін қытайлық жұмысшылар тартылады екен.