Қытайда бүтін бір қаланы су шайып кетті

0
287

Толассыз нөсер жауып, өзендер арнасынан тасып жатыр.


Қытайда бүтін бір қаланы су шайып кетті

ERNUR.KZ. Қытайдың Ляонин провинциясындағы қаланы су шайып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Хулудао шаһарында 7 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қызыл судың құрсауында қалған 100-ден астам тұрғын құтқарылды.

Елдің солтүстік-шығысындағы 28 елді мекенде жарық пен байланыс үзілген. Зардап шеккендер тікұшақпен шығарылып жатыр. Аймақта төтенше жағдай жарияланды.