Қытайда көшкіннен 9 адам қаза тапты

0
522

Зардап шеккендерді іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.


Қытайда көшкіннен 9 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында көшкін салдарынан қаза тапқандар саны тоғыз адамға дейін өсті. Тағы 18 адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы Қытайдың Орталық телевидениесі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Дүйсенбі күні сағат 9.00-де (Мәскеу уақытымен сағат 4.00) апат салдарынан 9 адам қаза тапты, тағы 18 адам із-түссіз кетті", - делінген хабарламада.

Жауын-шашын салдарынан Кандин қаласында су тасып, көшкін жүрді. Салдарынан бірнеше ғимарат пен көпір қирады. Бұдан бөлек шосседе бірнеше тоннель қиранды астында қалды.

Адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.