Қытайда пойыздар соқтығысып, бес мың адам зардап шекті

0
810

Оқиға бейсенбі күні кешке Чанпин желісінде орын алған.


Қытайда пойыздар соқтығысып, бес мың адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Қытай астанасындағы ауа-райының қолайсыздығы жерүсті метро пойыздарының соқтығысуына себеп болды. Салдарынан 512 адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға бейсенбі күні кешке Чанпин желісінде болған.

"Жолдардың тайғақтығынан пойыз дер кезінде тежей алмай, алдындағы пойызға соғылып, көлік қозғалысы баяулады", - деп хабарлады Бейжіңдегі қалалық көлік басқармасы.

Жағдайға жедел жәрдем қызметкерлері мен полиция тез әрекет етіп, екі пойыздағы барлық жолаушылар эвакуацияланды. Сондай-ақ, зардап шеккен 512 адамның 25-і әлі бақылауда, 67-сі ауруханада жатыр және 102-сі дене жарақатын алған.

Айта кетсек, сәрсенбі күні Бейжіңде қалың қар жауа бастады, азаматтарға көктайғақ, аяз және боран туралы ескертілді. Кейбір теміржол операциялары тоқтатылып, мектептер жабылды.