Қытайда туристерге арналған «денсаулық паспорты» енгізілді

0
2 739

Сертификатта оның иесіне COVID-19 вакцинасының салынған-салынбағаны туралы мәлімет болады.


Қытайда туристерге арналған «денсаулық паспорты» енгізілді

ERNUR.KZ. Қытайда саяхатшыларға халықаралық денсаулық сертификаты бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлайды Хабар24.

Оны жергілікті Wechat мессенджері ресми түрде іске қосты.

Сертификатта оның иесіне COVID-19 вакцинасының салынған-салынбағаны, сондай-ақ IgG антиденелеріне жүргізілген сынақтардың нәтижелері туралы ақпарат болады. Кез келген мекеме QR кодын сканерлеу арқылы қажетті ақпаратты ала алады.