Мамандар ондағы ақпаратты зерттей бастады.
ERNUR.KZ. Қытайда наурыздың 21-і апатқа ұшыраған Boeing 737-800 ұшағының екінші қара жәшігі табылды, деп жазады 24.kz.
Онда ұшақтың қозғалыс траекториясы, жылдамдығы, ұшқан биіктігі мен қозғалтқыштың күші жазылған. Зерттеу жұмыстарынан кейін апат себебін анықтау мүмкін болады дейді мамандар. Ал бірінші қара жәшік наурыздың 23-і табылған. Мамандар ондағы ақпаратты зерттей бастады.
Айта кетейік, оқиғадан 123 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қаза тапты. «Шығыс Қытай әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақ Куньминнан Гуанчжоу қаласына бағыт алып, елдің оңтүстігіндегі таулы аймақта апатқа ұшырады.