Қытайда жүргізушісі жоқ такси жұмысын бастады

0
712

Әзірге таксидің бұл түрі тек 8 бағыт бойынша қатынайды.


Қытайда жүргізушісі жоқ такси жұмысын бастады

ERNUR.KZ. Қытайда алғашқы робот-такси жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа қызмет түрін технологиялық алпауыт Baidu компаниясы іске қосты.

Жоба авторларының айтуынша, көлікте жүргізуші болмағанмен, бастапқы уақытта алдыңғы жолаушы орнында компания өкілі отырады.

Әзірге таксидің бұл түрі тек 8 бағыт бойынша қатынайды. Олар Олимпиада стадионының маңында орналасқан көрінеді. Жергілікті билік өкілдері бұл мүмкіндікті келер жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындары кезінде пайдаланбақ ниетте. Яғни, автономды таксиді спортшылар мен жанкүйерлерге ұсынбақ.