Қытайдың басым бөлігін су басты

0
667

Толассыз жауыннан лай көшкіні жиілеп, бірқатар тас жолды су шайып кеткен.


Қытайдың басым бөлігін су басты

ERNUR.KZ. Қытайдың шығысы мен оңтүстік батысы және орталық аймақтарында жаңбыр мен су тасқыны жалғасып жатыр. Табиғат апатына байланысты шығыста апта басынан 40 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп жазады 24.kz.

Оңтүстік батыстағы Сычуань провинциясында су тасқынынан 3 адам қайтыс болып, 12 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. 7 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Толассыз жауыннан лай көшкіні жиілеп, бірқатар тас жолды су шайып кеткен.

Ал елдің орталығындағы Ичан қаласында үш сағат бойы жауған жаңбырдан шаһарды лезде су басқан. Табиғат апатынан қаза тапқандар жайлы мәлімет жоқ. Аймақта іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр. Мамандар нөсер бірнеше күн жалғасатынын ескертіп отыр.