Қыздарға "қырындаған" жігіттерді қамауға алу ұсынылды

0
841

Қырғызстан ІІМ Академиясының басшы орынбасары Бақыт Дубанаев бейтаныс адамдардың жасаған зомбылықтары жөнінде де бап енгізу керек екенін айтты.


Қыздарға

ERNUR.KZ. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ) қыздарға тиіскен жігіттерді жеті тәулікке қамауға алуды ұсынды, деп жазады centralasian.org.

Бұл туралы 24 маусымда Жогорку Кеңеште күш құрылымдары өкілдерімен өткізген жиында айтылды.

ІІМ Академиясының басшы орынбасары Бақыт Дубанаев "Отбасындағы зорлықтан сақтау және қорғау жөніндегі" заңды кеңейтіп, бейтаныс адамдардың жасаған зомбылықтары жөнінде де бап енгізу керек екенін айтты.

"Біз аталған заңға және Әкімшілік жауапкершілік жөніндегі кодекске әйелдерге зорлық көрсеткендерді қамауға алу ордерін беру туралы бапты енгізуді ұсынамыз. Бұл арқылы қызға тиісіп, қырындаған жігіттер жеті тәулікке қамауға алынады және жәбірленген қыз қорғауға алынады", - деді ол.

Милиция өкілі алып қашудың құрбаны болған Бурулай Турдаалыкызы мен Айзада Канатбековаға да жігіттер алғаш тиісіп, соңы қайғылы жағдайға алып келгенін еске салды.

Осыған дейін ІІМ отбасылық зорлыққа қарсы күрес бойынша арнайы бөлім ашылатынын хабарлаған.