Литвада сайлау учаскесі ашылады

0
1 561

Литвада 230 ҚР азаматы сайлауға қатысады


Литвада сайлау учаскесі ашылады

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 9 маусымында Литвада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау учаскесі ашылады. Бұл туралы Қазақстанның Литвадағы елшісі В.Темірбаев литвалық жетекші БАҚ-қа арналған брифингте мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Қазақстандық дипломат шетелдік журналистерге Қазақстандағы саяси өзгерістер бойынша, сондай-ақ елдегі президенттік сайлауға дайындық туралы хабардар етіп, еліміздің Конституциясының негізгі ережелері мен ҚР заңнамасы туралы, жоғары мемлекеттік лауазымға үміткерлерді тіркеу, байқаушылардың жұмысы, БАҚ-ты аккредиттеу және сайлау алдындағы үгіт жұмысын жүргізу туралы шарттарды түсіндірді.

В.Темірбаев ел басшылығының халықаралық міндеттемелер мен келісімдерге деген міндеттемесін, сондай-ақ өзіміздің мүдделерімізбен басымдылақтарымызға сәйкес теңдестірілген сыртқы және тұрақты экономикалық саясатты жалғастыру туралы нақты шешімін растады.

Елші Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде Литва мен Латвия аумағында тұрақты және уақытша тұратын ҚР азаматтары өздерінің конституциялық (сайлаудық) құқығын жүзеге асыруға мүмкіндігі бар екенін атап кетті.

Осыған орай Қазақстанның Литвадағы елшілігінде, Вильнюс қаласы, Бирутес көшесі 20А мекенжайы бойынша № 242 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда Литвадағы сайлаушылардың саны 230 ҚР азаматтары болса, ал Латвияда 70 адам бар.

Бұл ретте Латвиядан келген қазақстандық студенттерге жеке көлік ұйымдастырылуы жоспарлауда.