"Маса мен шыбын коронавирус тарата ма?": Мамандар зерттеу нәтижесін жариялады

0
2 758

Қансорғыш маса бірнеше ауру таратушы жәндік саналады.


Жаз шыға қаптап кететін шыбын-шіркейлер коронавирус эпидемиясының таралуына әсер етуі мүмкін бе? Бұл жайлы Ura.ru ақпарат порталына энтомолог- ғалымдар айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Безгек, сары безгек - бұл масалар тарататын ауру түрлері. Бірақ, масалардың коронавирус тарататындығы дәлелденген жоқ. Дәл осылай шыбынды да айтуға болады", — дейді энтомолог, жәндіктерді зерттейтін маман Юлия Ловцова.

Энтомолог және ДНҚ жөнінде маман Константин Китаевтың пікірінше, қытай ғалымдары қансорғыш шыбын-шіркейлерге зерттеу жасаған. Олар жәндіктер вирус таратпайтындығын анықтады. Ал мысықтар вирус таратуы мүмкіндігін жасырмайды. Коронавирустың ошағы саналатын Ухань қаласындағы мысықтардың 15 пайызынан коронавирус анықталған.