Мәскеуде коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды

0
589

ДСҰ-ның мәліметінше, жалпы 370 адам ауру жұқтырған, 16 мыңы қайтыс болған.


Мәскеуде коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Мәскеуде коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Жедел штаб мәліметінше, науқастардың жасы 88-де және 73-те болған. Олардың пневмониясы расталып, оған сәйкес ауытқуы болған.

Штабтағылар қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдар оқшаулау режимін қатаң ұстануы керегін айтып отыр.

Коронавирус 170-тен аса елде анықталып отыр. ДСҰ-ның мәліметінше, жалпы 370 адам ауру жұқтырған, 16 мыңы қайтыс болған.

Ресейде 658 адам COVID-19 жұқтырып, 29-ы айығып кеткен.

Ал Қазақстанда 88 адам коронавирус жұқтырған. Бұған дейін екі адамның айығып кеткені хабарланған.