Мәскеуде коронавирус жұқтырған науқастардың көпшілігі жастар

0
769

Жалпы, қазіргі уақытта Мәскеу бойынша науқстар саны 5181 адамға жетіп отыр.


Мәскеуде коронавирус жұқтырған науқастардың көпшілігі жастар

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ресей астанасы Мәскеуде коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа науқастардың 50 пайыздан астамы – 45 жастан кіші азаматтар. Бұл туралы Мәскеудегі коронавирус жағдайын бақылау мен мониторингтеу бойынша шұғыл штаб мәлім етті деп жазады kaz.nur.kz.

Шұғыл штабтың мәліметінше, Ресей астанасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 697 жаңа оқиғасы тіркелген.

Жалпы, қазіргі уақытта Мәскеу бойынша науқстар саны 5181 адамға жетіп отыр.

"Жаңа науқастардың 47,5 пайызы – 18-ден 45 жасқа дейінгі, 34 пайызы – 46-дан 65 жасқа дейінгі және 14,5 пайызы 65 жастан жоғары азаматтар, олардың 5 пайыздан астамы – жастары 80-нен асқан қарттар. Сондай-ақ науқастардың 4 пайызы – балалар", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ барлық науқастардың және олармен байланыста болған тұлғалардың медициналық бақылауға алынғаны мәлім болды.