Қайтыс болғандар - 37-86 жас аралығындағы науқастар.
ERNUR.KZ. Мәскеуде COVID-19-дан бір тәулікте 37 науқас қайтыс болды. Бұл туралы коронавирусқа байланысты жағдайды бақылау және мониторинг жасау жедел штабы мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Ресей астанасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 325-ке жетті.
"Мәскеуде "пневмония" диагнозы расталған және коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен 37 науқас көз жұмды", - делінген хабарламада.
Қайтыс болғандар - 37-86 жас аралығындағы науқастар. Оның көбінде қосалқы аурулары болған.
37 жастағы науқастың "екі жақты полисегментарлы пневмония" диагнозы анықталған. Сондай-ақ науқаста гипертония болған. Тағы бір науқаста Даун синдромы болған.
Оның алдындағы тәулікте 27 адам қайтыс болған.