Мәскеуде шектеу шаралары 31 мамырға дейін ұзартылды

0
806

Ай соңына дейін барлық сауда және тамақтану орындары, спорт пен мәдени мекемелер сол күйі жабық қалады.


Мәскеуде шектеу шаралары 31 мамырға дейін ұзартылды

ERNUR.KZ. Мәскеуде шектеу шараларының мерзімі 31 мамырға дейін ұзартылды, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы қала мэрі Сергей Собянин хабарлады.

Осыған байланысты ай соңына дейін барлық сауда және тамақтану орындары, спорт пен мәдени мекемелер сол күйі жабық қалады.

Шаһар басшысының айтуынша, осы бір күрделі кезеңге байланысты Ресей астанасының қалыпты өмірге оралар күні әлі алыс.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Мәскеуде 92 мыңнан астам науқас тіркелген. 905 адам көз жұмды.