Митингке шыққандарға қарсы газ қолданылды

0
1 173

Жүйесіз наразылық акциясы дүйсенбі күні таңертең қаладағы Үлкен базарда шықты.


Митингке шыққандарға қарсы газ қолданылды

Тегеранда 25 маусымда полиция парламент ғимаратына қарай беттеген наразы топқа қарсы газ қолданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жүйесіз наразылық акциясы дүйсенбі күні таңертең қаладағы Үлкен базарда шықты. Наразы азаматтар Иран валютасы – риалдың қара базарда 10 пайызға құлдырауына қарсы шықты.

"Фарда" радиосы редакциясына келіп түскен видеода Үлкен базарға жиналған жүздеген адам айырбас пунктерінің жабылуын талап еткен. Олар: "Сирияны ұмыт, біздің қамымызды ойла" деп ұрандатқан.

Иран Орталық банкінің басшысы Валиулла Сейф риал бағамының төмендеуін "келесі аптада валюта айырбасының екінші нарығы ашылатындығымен" түсіндірген. Сол себепті қара базардағы саудагерлер валюта саудасын уақытша тоқтата тұруға талпынған. Министрдің айтуынша, президент Хасан Роуханимен кездесуден соң жаңа базарды доллардың шынайы бағамын ескере отырып құру туралы шешім қабылданған.

Роухани әкімшілігімен байланысы бар студенттік жаңалықтар агенттігінің (ISNA) 25 маусымда хабарлауынша, 1 доллар 60-65 мың риал тұратын болады.

Иранның бірнеше қаласында өткен жылдың соңында азық-түлік бағасының көтерілуі мен басқа да экономикалық мәселелерге наразы халық ереуілге шыққан. Сол кезде бір аптаға созылған наразылық акциясы барысында 22 адам қаза болып, 1700-ден астам адам қамалды.

Дереккөз: centralasian.org