Бұл «Coca-Cola» сусынының 32 млрд құтысын өндіруге жетеді.
ERNUR.KZ. Неміс ғалымдары теңіз түбінен млн тоннадан аса қант тапты. Ол өсімдіктердің тамырына жақын орналасқан топырақтың жұқа қабатында негізінде сахароза күйінде жиналған, деп жазады 24.kz.
Ғалымдардың пайымынша, ондағы қантың мөлшері бір млн 300 мың тоннаға дейін жетеді. Салыстыру үшін айтсақ, бұл «Coca-Cola» сусынының 32 млрд құтысын өндіруге жетеді.
Ғалымдарының айтуынша, сахарозаны балдырлар бөледі. Бұл теңіз өсімдіктері көмірқышқыл газын өте жақсы сіңіреді. Алайда жаһандық жылыну салдарынан олар азайып барады.
Ғалымдар, егер бүкіл балдыр жойылып кетсе, қанттың ыдырауы салдарынан атмосфераға кемі бір жарым миллион тонна көмірқышқыл газы бөлінуі мүмкін.