Үндістанның федералдық полиция агенттіктерінің бірінің өкілі нысанның көзге “анық көрінгенін” айтқан.
сурет: видеодан жасалған скрин
ERNUR.KZ. Жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:30-да солтүстік-шығыс Манипур штатынан НЛО байқалғаны туралы хабарланғаннан кейін қауіпсіздік күштері ескерту жасаған, деп жазады stan.kz.
Үндістанның әскери-әуе күштері штат астанасы Импхалдағы Бир Тикендраджит халықаралық әуежайындағы рейстерді бірнеше сағатқа тоқтатқан.
Үндістанның федералдық полиция агенттіктерінің бірінің өкілі нысанның көзге “анық көрінгенін” айтқан.
“Әуе күштері Импхал әуежайының визуалды сигналдары негізінде әуе шабуылына қарсы әрекет ету механизмін іске қосты. Осыдан кейін кішкентай объект жоғалып кетті”, – делінген ведомство өкілдерінің мәлімдемесінде.
Үндістан билігі НЛО-ны көруге қатысты тергеудің нақты мәліметтерін әзірге жарияламады.