Нотр-Дам шіркеуі құлап кетуі мүмкін

0
836

Биыл шіркеуде XVIII ғасырдың аяғынан бері алғаш рет рождестволық мереке болмайды.


Нотр-Дам шіркеуі құлап кетуі мүмкін

ERNUR.KZ. Өрттен кейінгі Нотр-Дам шіркеуінің барлық ағаштарын алып тастамайынша әлі де қауіпті болып тұр. 50 пайыздық ықтималдылықпен олар құлап кетуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ғимараттың архипресвитері Патрик Шове мәлімдеді.

Жоспар бойынша, толық қалпына келтіру жұмыстары 2021 жылы басталмақ.

Биыл шіркеуде XVIII ғасырдың аяғынан бері алғаш рет рождестволық мереке болмайды.

Еске салсақ, Франциядағы Нотр-Дам шіркеуі 15 сәуірде отқа оранды. Өрт ғимараттың көп бөлігін шарпып, біраз бөлігі қирады. Өрт келесі күні сөндірілді. Салдарынан үш адам зардап шекті. Франция президенті Эммануэль Макрон шіркеуді қалпына келтіруге уәде берді.