Нью-Йоркте жасөспірімдерге бустерлік доза салына бастады

0
646

Сонымен қатар бустерлі дозаны 5 пен 11 жас аралығындағы иммундық жүйесі әлсіз балдырғандарға да алуға болады.


Нью-Йоркте жасөспірімдерге бустерлік доза салына бастады

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Азық түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігі «Пфайзер-Биотек» компаниясының үшінші екпесін 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспрімдерге салуға рұқсат берді, деп жазады «Хабар 24».

Сонымен қатар бустерлі дозаны 5 пен 11 жас аралығындағы иммундық жүйесі әлсіз балдырғандарға да алуға болады. Жаңа ереже бойынша үшіншісін салдыруға, екінші екпеден кейін бұрынғыдай 6 ай емес 5 ай уақыт күту қажет. Мұндай нормативтік өзгерістер омикронның таралуына байланысты қабылданды дейді орталық мамандары.Омикрон, әсіресе, балалардың арасында жылдам тарай бастаған. Сол себепті жаңа жылдық демалыстан кейін АҚШ-тағы мыңдаған мектеп қашықтан оқытуға көшті.

Ал кәсіпорындар мен қызмет көрсету орындарына жұмысшы жетпей жатыр. Өйткені ауру-сырқау көбейді. Тіпті әуе компанияларында ұшқыштар жетіспей, рейстер кешіккен. Кейінгі аптада ковиді жұқтырған америкалықтардың саны екі есе өскен. Ал кешелі бері 420 мың адам дертке шалдыққан.

"Қазір ковидтің екі түрлі әсері бар. Яғни ұзақ емделетіндері және ауырғанмен аз уақытта тәуір болып кетіп жатқандары кездеседі. Ұзақ емделетіндері: ковид жұқтырып ауруханаға түсіп, емделгеннен кейін де тыныс алу жолдарында қиындықтар байқалады. Адам әлсіз күйде болады. Біздің зерттеуіміз бойынша мұндай симптомдары барлар вакцина алмаған америкилықтар. Сонымен қатар екпе салдырғандардың арасында да ауырып жатқандар бар, бірақ анау айтқандай ауыр халге түспейді", - деді дәрігер Джейсон Малей.