Мектепке барғысы келмеген оқушы әжесін пышақтап өлтірді
ERNUR.KZ. Ресейдің Старый Оскол қаласында жасөспірім бала мектепке барғысы келмегендіктен, әжесіне пышақ сұғып мерт қылған, деп жазады NUR.KZ.
Тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, жасөспірім бірнеше күн бойы әжесімен жанжалдасып, сабаққа қатыспай жүрген.
7 қыркүйек күні әйел немересін тағы да ұрыса бастайды. Өзіне сын айта берген әжесін жақтырмаған бала асүйдегі пышақты алып, қарияға бірнеше рет сұғып алған. Нәтижесінде ауыр жарақаттар салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмады.
Өз ісінен шошынып қалған жасөспірім пәтерінде мәйітпен бірге тұра береді. Бірнеше күннен кейін оның анасы демалыстан үйіне оралып, мән-жайды білген соң полицияға хабар берген. Оқушы қазір қамауда отыр.