Олимпиада өтетін Токиода төтенше жағдай енгізілуі мүмкін

0
2 081

31 желтоқсанында Жапонияда коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың тәуліктік өсімі бойынша рекордтық деңгей тіркелді.


Олимпиада өтетін Токиода төтенше жағдай енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Жапония билігі жаппай вакцинация қалыпты жағдайға оралуға және жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге көмектеседі деп үміттенеді, бірақ әзірге ел астанасында СOVID-19 тез таралуда және қалада төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп жазады Azattyq Rýhy.

2020 жылдың 31 желтоқсанында Жапонияда коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың тәуліктік өсімі бойынша рекордтық деңгей тіркелді – 4 520 құрады, ал жексенбі күні – 3 158 жағдай тіркелді.

Англияда коронавирустың жаңа, өте жұқпалы штамының тез таралуы кесірінен эпидемиологиялық ахуал нашарлап, ел аумағында қатаң шектеу шаралары енгізілді. Дүйсенбі күні Британияда коронавирус инфекциясын жұқтырған 58 мыңнан астам жаңа жағдай тіркелді, 407 адам қайтыс болды.

Шотландияда 5 қаңтардан бастап қатаң карантин енгізілді, оны тұрғындар заң бойынша сақтауға міндетті. Тұрғындарға аса қажет болмаса үйден шықпау міндеттелді. Мектептер ақпан айына дейін жабық болады.

Осы аптада Қытайда жаппай екпе егу науқаны жүргізілуде, ел билігі Жаңа жыл мерекесі (12 ақпан) басталғанға дейін миллиондаған адамға екпе егуді жоспарлап отыр. Вакцинацияның алғашқы екі күнінде Пекинде препараттың алғашқы дозасын 73 мыңнан астам адам алған. Қытай астанасында екпе алу үшін кезек пайда болған. Алғашқы екпелер автобус жүргізушілері мен әлеуметтік қызметкерлерге жасалады.