Науқаста ауру белгілері жоқ.
ERNUR.KZ. Аргентинада коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.
Науқас – ОАР елінен оралған саяхатшы. Оның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды.
"5 желтоқсанда Ұлттық бақылау зертханасы Оңтүстік Африка Республикасынан қайтқан саяхатшының "омикрон" штамын жұқтырғанын растады", – деп жазылған мәлімдемеде.
Науқас 30 қарашада ОАР-дан АҚШ арқылы келген. Ол ұшар алдында және ұшып келген кезде өткен екі тест те оның сау екенін көрсеткен.
2 желтоқсанда қайтадан тексерістен өткенде, оның дертке шалдыққаны анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, саяхатшы коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған. Қазір науқаста ауру белгілері жоқ. 3 желтоқсанда "омикрон" жұқтырған Грекия азаматының COVID-19 дертіне қарсы екпе салдырғаны хабарланды. 60 жастағы кәсіпкер ОАР-дан Критке Еуропа елдерінің бірі арқылы қайтқан.