Орман өртінен 112 адам қаза тапты: Чилиде ұлттық аза тұту жарияланды

0
612

Чили президенті Габриэль Борич елде өртке байланысты екі күндік қаралы күн жариялады.


Орман өртінен 112 адам қаза тапты: Чилиде ұлттық аза тұту жарияланды

ERNUR.KZ. Чилидегі орман өрті 112 адамның өмірін қиды, деп хабарлады ішкі істер министрінің орынбасары Мануэль Монсальве T13 телеарнасының эфирінде. Бұған дейін мемлекеттік сот-сараптама қызметі (SML) Чилидің Вальпараисо аймағындағы орман өртінен қаза тапқандар саны 99-ға жеткенін хабарлаған, деп жазады sputnik.kz.

"Соңғы мәлімет бойынша 112 адам қайтыс болды", - деді Монсальве.

Бұған дейін мемлекеттік сот-сараптама қызметі (SML) Чилидің Вальпараисо аймағындағы орман өртінен қаза тапқандар саны 99-ға жеткенін хабарлаған.
Монсальве әзірге тек 32 мәйіттің кім екені анықталғанын айтты.
Чили президенті Габриэль Борич 5 ақпаннан бастап өртке байланысты елде екі күндік қаралы күн жариялады. Бұған дейін Борич орман өртіне байланысты Вальпараисо аймағында төтенше жағдай жариялағанын хабарлаған.
Вальпараисо мен О'Хиггинс аудандары ең қатты зардап шекті. Тіпті О'Хиггинс ауданында аймақтық деңгейде қызыл дабыл енгізілді. Сәйкесінше, үкімет апат болған жағдайда конституциялық ерекшелік және Винья-дель-Мар, Кильпуэ, Лимаше және Вилья-Алемана коммунналарында коменданттық сағат енгізді.