​Оқытушылар министрліктің рұқсатынсыз шетелге шыға алмайды

0
1 397

Жаңа ереже биыл ақпан айында қабылданған, бірақ 27 мамырда жария болған. Шетелге шыққысы келетін білім саласының қызметкерлері 15 күн бұрын сапарын толық түсіндіріп, сыртқы істер министрлігіне ресми хат жолдауы тиіс.


​Оқытушылар министрліктің рұқсатынсыз шетелге шыға алмайды

фото baq.kz

Тәжікстанда оқытушылардың шетелге шығу тәртібі қатаңдатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Тәжікстанда бұдан былай оқытушылар, студенттер мен ғалымдар ресми рұқсатсыз шетелге оқуға немесе жұмыс сапарымен бара алмайды.

Жаңа ереже биыл ақпан айында қабылданған, бірақ 27 мамырда жария болған. Шетелге шыққысы келетін білім саласының қызметкерлері 15 күн бұрын сапарын толық түсіндіріп, сыртқы істер министрлігіне ресми хат жолдауы тиіс.

Жаңа ереже бойынша, шетелге барып келген адамдар білім министрлігіне есеп береді. Бұл ереже орта білім беретін мекеме мұғалімдеріне де жүреді. Олар да халықаралық олимпиада секілді шараларға оқушыларын ресми рұқсат алғаннан кейін ғана алып бара алады.

Студенттер мен ғылыми зерттеушілер егер шетелде бір жылдан астам уақыт болатын білім жетілдіру курстарына барғылары келсе, ғылыми кеңестен рұқсат алуы тиіс.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауы бойынша, жаңа ереже студент, аспирант және оқытушылардың шетелге шығуын реттеу мақсатында қабылданған.