Өзбекстанда COVID-19 вирусының бұрын белгісіз мутациялары анықталды

0
548

Өзбекстанда 2021 жылдың шілде-тамыз айларында 39 науқастан алынған SARS-CoV-2 коронавирусының толық геномы ашылды.


Өзбекстанда COVID-19 вирусының бұрын белгісіз мутациялары анықталды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда 2021 жылдың шілде-тамыз айларында ең көп таралған штамдар дельта, альфа және 20А болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өзбекстанда 2021 жылдың шілде-тамыз айларында 39 науқастан алынған SARS-CoV-2 коронавирусының толық геномы ашылды. SARS-CoV-2 клиникалық изоляттарының толық геномдық талдауы барлығы 223 нуклеотидтік деңгейдегі вариацияны (SNP) анықтады, оның 34-і делеция болған.

«Бұрын жарияланбаған екі жаңа мутация анықталды, Атап айтқанда, Nsp13 және Nsp12 құрылымсыз ақуыздарындағы A85P және Y479N мутациялары. D614G мутациясы барлық изоляттардың S-ақуызынан табылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Клиникалық изоляттардағы SARS-CoV-2 нұсқалары Nextstrain көмегімен талданды.

Қорытынды бойынша, Өзбекстанда 2021 жылдың шілде-тамыз айларында ең көп таралған нұсқалар дельта (82%), альфа (10,3%) және 20А (7,7%) штамдары болды. Дельта штамын географиялық таралу картасы бойынша Ресей, Дания, АҚШ, Мысыр және Бангладеш топтарына бөлуге болады.

«Қазіргі зерттеу Nsp13: A85P және Nsp12: Y479N қалпына келтірудің жаңа кезеңі, ORF7a: P45L нормадан тыс өзгерісі аурудың ауыр дамуымен байланысты екенін көрсетті», - деді министрліктен.

39 изоляттың геномдық тізбегі NCBI, GISAID халықаралық дерекқорларында тіркелді. Нәтижелері PLOS ONE ғылыми журналында жарияланған.

Бұған дейін Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар санының көбейгені туралы хабарланған болатын. Ташкентте ауруды жұқтырғандар санының артуы аясында ковид клиникасы жұмысын қайта бастады.