Сиам егіздерінің өмірге келуі 200-220 мың жағдайдың бірінде ғана кездеседі екен.
Самарқанда екібасты сиам егіздері дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Фергана сайтына сілтеме жасап.
Егіздер кесарь тілігі арқылы дүние есігін ашқан. Қазір олар Самарқандағы балаларға арналған облыстық көпсалалы медициналық орталығында ем алуда.
Егіздердің бастары екеу болғанымен денелері, қолдары және жүрегі, асқазаны бір. Олардың салмағы 4600, бойы 48см.
Медорталық дәрігерінің айтуынша, сәбилердің жағдайы қалыпты. Олар егіздерді аман алып қалу үшін барлық шара жасалатынын айтқан.
Ерекше егіздердің анасы жүкті кезінде екі рет скринингтен өткен. Тек жүктіліктің 21 аптасындағы талдау кезінде іштегі егіздердің ерекшелігі белгілі болған. Анасының өтініші бойынша жүктілік жалғастырылған.
Анестезиолог дәрігер Собиржон Рахмонов, сиам егіздерінің өмірге келуі 200-220 мың жағдайдың бірінде ғана кездеседтінін, Өзбекстанда мұндай жағдаймен алғаш кездескенін айтқан.
Қазір Өзбекстандық дәрігерлер егіздерге түрлі талдаулар жасауға дайындалуда және осындай жағдайдан тәжірибесі бар мемлекеттердің мамандарынан кеңес алуды жоспарлауда.
Медициналық зерттеулерге қарағанда, шамамен 40% сиам егіздері өлі туылады. Сиам егіздерінің көпшілігі, шамаен 75 пайызы қыздар екен.