Өзбекстан өз конституциясын жаңартуға дайындалып жатыр, оған өлім жазасын алып тастау және президент өкілеттігін ұзарту туралы баптарды енгізу ұсынылды.
ERNUR.KZ. Республика конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын парламенттік "Народное слово" газеті жариялады, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Өзбекстан Республикасында өлім жазасына тыйым салынған", - делінген жоба мәтінінде. Өзбекстан конституциясының 24-бабында өмір сүру әр адамның ажырамас құқығы екені және ол заң жүзінде қорғалатыны жазылған.